Ізденіс тақырыбы: «Қазақ тілі сабағын дидактикалық ойындар арқылы тілді дамыту»
Мақсаты: қазақ тілі сабағында балалардың сөздік қорын дамыту, еркін сөйлеуге, оқығанын, көргенін әңгімелеп беруге үйрету. Ойын арқылы балалардың тілін дамыту, сөздік қорын байыту, зейінін тұрақтандыру, әр түрлі әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдану. Балалардың Отанға деген сүйспеншіліктерін арттырып, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдеп-ғұрыптарына баулу арқылы тәрбиелеу.
Міндеттері:
Мемлекеттік тілді құрметтей білу.
Қазақ тіліне тән дыбыстарды, жеке атауларды, сөздің дыбыстық құрамын дұрыс айтуға үйрету.
Жаңа сөздерді үйрену арқылы сөз қорын молайту.
Сөйлесе білудің қарапайым түрлерін меңгерту.