Курчатов қаласының мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтары қауымдастығының жоспарына сәйкес 2023 жылдың 19 сәуір күні «Мектеп жасына дейінгі балалармен педагогикалық шеберлік» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.
Іс-шара мектеп жасына дейінгі балалармен түрлі инновациялық технологияларды қолдану арқылы практикалық жұмыстарды көрсету арқылы мектепалды даярлық педагогтарының құзыреттілігін арттыру, педагогтардың кәсіби дайындығы мен жалпы мәдениетінің деңгейін анықтау мақсатында ұйымдастырылды.
Семинар барысы Курчатов қаласының педагогтары өз тәжірибелерімен бөлісті, педагогтың кәсіби қызметінде табысқа жету үшін жеке ресурстарды анықтап, жемісті пайдаланды. Бірқатар практикалық жұмыстар мектеп жасына дейінгі педагогтың жеке қабілеттерін дамыта және жүзеге асыра алатын, оларды өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі жетілдіруге, ізденіс әрекеттерін ұйымдастыруға, ғылыми әзірлемелерге баулуға қабілетті шығармашылық тұлғасын ашуға ықпал етті.
Педагогтардың қызметі әріптестерге жаңа мүмкіндіктер арқылы сабақты жаңаша ұйымдастыруға мүмкіндік беріп, тәрбиеленушілердің қызығушылығын арттыруға бағытталды.