"Ғылымға жол" жобасы аясында "Біртұтас тәрбие" бағыты бойынша "Ертегілер" мектепалды даярлық тобының балаларымен "Жанартау" мен "Сиқырлы көбіктер" тақырыбында зерртеу жұмыстары өткізілді. Балаларды осындай табиғи құбылыспен таныстыру балалармен бірге "жанартау атқылауы" зерттеу жұмыстарын өткізу; балалардың қызығушылығын, тәжірибені орындау процесінде танымдық белсенділігін, қарым-қатынас дағдыларын дамытып; эксперименттік-зерттеу қызметіне қызығушылық тудырды. Балалардың сөздік қоры жаңа сөздер - лава, саңылау, жанартау, күл, ұйықтап жатқан жанартау, белсенді жанартау сөздерімен толықтырылды.