Жүгіру жолы
Кіру
AA+
xxx xx xx
8(72251)21733
8(72251)21444
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің «Журавушка» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Еліміздің ертеңі саналатын ұл-қыздарын салт-дәстүрлермен сусындатып, туған елін, жерін адал сүюді және көзінің қарашығындай сақтап, қорғауды әрбір азаматтың аяулы борышы деп түсіндірген. Қазақ халқы ұрпағының тәрбиесіне терең мән беріп, болашағына алаңдаушылықпен қараған. Ұрпақ тәрбиесі - келешек қоғам мұрагерлерін тәрбиелеу ісі. Бүлдіршіндерді қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу мақсатында «Журавушка» балабақшасының «Ертегілер» орта тобының тәрбиеленушілерімен 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне арналған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты тәрбие сағаты өтті.

Тәрбие сағатының мақсаты: балаларға еліміздің Президентін, рәміздерімізді таныстыру, өз Отанын, туған жерін сүюге, қорғауға, сақтауға, құрметтеуге тәрбиелеу, мәнерлеп тақпақ айтуға үйрету, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Ұсынып отырған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты тәрбие сағаты әнұранмен ашылып, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев екендігі айтылды. Қазақстан Республикасының рәміздері: көк байрақ, елтаңба, әнұранымен таныстырылды. «Көк тудың желбірегені» әнімен жалғастырылып, «Кигіз үй тік» қимыл-қозғалыс ойынымен аяқталды.

Тәрбие сағаты сөйлеуді дамыту, таным саласымен байланыстырылған. Сөйлеуге, сипаттауға, салыстыруға, баяндауға үйрету арқылы сөздік қорын байытуға көп ықпалын тигізеді. Балалардың өз ойын еркін жеткізе білу қажеттіліктерін тудырады. Ойын балалардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, өз бетімен жұмыс істеуге, қорытындылар жасауға, жүйелі білім алуға жетелейді. Қорыта келгенде, егеменді ел болып, тәуелсіздіктің көк байрағын көтерген сәт - Қазақстанның әр азаматы үшін қуаныш, тарихтың үлкен бетбұрысы болғаны анық. «Журавушка» балабақшасының «Ертегілер» тобы