Қазақстан халқы тілдер күнін мерекелеу шеңберінде «Журавушка» балабақшасында 2024 жылдың 5 қыркүйегінен бастап «Тілдер айлығы» ұйымдастырылды.
Ізденіс тақырыбы: «Қазақ тілі сабағын дидактикалық ойындар арқылы тілді дамыту»
Мақсаты: қазақ тілі сабағында балалардың сөздік қорын дамыту, еркін сөйлеуге, оқығанын, көргенін әңгімелеп беруге үйрету. Ойын арқылы балалардың тілін дамыту, сөздік қорын байыту, зейінін тұрақтандыру, әр түрлі әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдану. Балалардың Отанға деген сүйспеншіліктерін арттырып, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдеп-ғұрыптарына баулу арқылы тәрбиелеу.
Міндеттері:
- Мемлекеттік тілді құрметтей білу.
- Қазақ тіліне тән дыбыстарды, жеке атауларды, сөздің дыбыстық құрамын дұрыс айтуға үйрету.
- Жаңа сөздерді үйрену арқылы сөз қорын молайту.
- Сөйлесе білудің қарапайым түрлерін меңгерту.