30 қарашада «Журавушка» балабақшасында Тұңғыш Президент күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Іс-шараға «Колобок» және «Ягодка» топтарының балалары қатысты. Аталған іс - шараның мақсаты-Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаев-Ұлт көшбасшысы, тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы, тұрақтылық кепілі және ұлтаралық келісімді нығайту туралы білімді бекіту болып табылады. Балалар өлең оқуға, ән айтуға, үштілділік қолданылған қазақ халық ойындарына белсенді қатысты. Н. Ә. Назарбаевтың өмір жолы туралы бейне-ролик көрсетілді. Бұл іс-шара ұлтаралық қарым-қатынас бірлігін қамтамасыз етуге, достықты, Ұлт Көшбасшысын құрметтеуге тәрбиелейді.