Жүгіру жолы
Кіру
AA+
xxx xx xx
8(72251)21733
8(72251)21444
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің «Журавушка» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін мерекелеуге арналған іс-шара туралы ақпарат.

Қай халық та ұрпағының тәрбиесіне терең мән беріп, болашағына алаңдаушылықпен қараған.Ұрпақ тәрбиесі - келешек қоғам мұрагерлерін тәрбиелеу ісі. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030» атты бағдарламасында: бүлдіршіндерді Қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет» - деп атап көрсеткен болатын. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында білім беру жүйесінің басым міндеттерінің қатарында «Азаматтық пен елжандылыққа, өз Отанын - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке,мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, Конституцияға қайшы мен қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу» туралы айтылған. Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Журавушка» балабақшасы «Балдырған» ересек тобының тәрбиеленушілерімен «Менің Отаным-Қазақстан» атты тәрбие сағаты өтті.

Тәрбие сағатының мақсаты: Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы тәрбиеленушілерді ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Ұсынып отырған «Менің Отаным-Қазақстан!» тәрбие сағаты жаратылстану, әдебиеттік оқу пәндерімен байланыстырылған. Байланыстыра сөйлеуге, сипаттауға, салыстыру, баяндау арқылы сөздік қорын байыту. Бұл тәрбие сағаты арқылы балалар өз ойын еркін жеткізе білу қажеттіліктерін тудырады. Жаңа технология әдістері балардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, өз бетімен жұмыс істеуге, қорытындылар жасауға, жүйелі білім алуға жетелейді. Курчатов қаласы бойынша білім бөлімінің

«Журавушка» балабақшасы МКҚК

«Балдырған» тобының тәрбиешісі

Шекенова С.Ж.