Әр адамның ең басты құндылығы - денсаулық. Баланы мықты, күшті, дені сау етіп тәрбиелеу - әр ата-ананың тілегі және мектепке дейінгі мекеме міндеттерінің бірі.
Осыған орай, біздің балабақшаның №8 «Мальвина» тобында «Көңілді старттар» атты спорттық шара өтті.
Жарысқа «Көңілді балалар» және «Батыл және епті» екі команда шықты. Командалардың аты мен ұраны айтылып, жарыс басталды. Қатысушылар «Олимпиада алауы эстафетасы», «Жүгіретін ракетка», «Өткел», «Түсірме», «Кенгуру» сияқты көптеген сынақтардан өтті. Барлығы мәреге бірінші жету үшін барын салды. Қатысушылар ептілік, ұқыптылық пен күштілік, жылдамдық пен тапқырлық көрсетті.
Аулада балалардың күлкісі мен шуы, қуанышы естілді. Барлық қатысушылар мадақтама алды.
Балалар жарысқа оң көзқараспен қарап, көтеріңкі көңіл күйде болды. Әр адамға денсаулықтың өте маңызды екені түсіндірілді.