Абай облысы, Курчатов қ., Олимпийская к., 30
8 (72251) 2 17 33, 2 14 44
Меню

Робототехника

Робототехника мұғалімі: Ақжігітова Гүлмира Айтмухановна Акжигитова Гульмира Айтмухановна

Білімі: Жоғары

Мамандығы: Информатика

«Методикалық аспекті робототехниканың мектепке дейінгі білім беруде қолданылуы» тақырыбы бойынша 72 академиялық сағат көлемінде оқудың толық курсын аяқтады.

Мақсаты: Балабақша тәрбиеленушілерінің теориялық білімдерін қалыптастыруға жағдай жасау және бастапқы техникалық жобалау саласындағы практикалық дағдыларды дамыту.

Міндеттері:

- «Робототехника» және роботты құрылғылар туралы алғашқы білім қалыптастыру;

- Өнімді (конструктивті) әрекеттерді дамыту;

- Келіссөздер жүргізу, топта және шағын топта жұмыс істеу (жұппен міндеттерді тиімді бөлу) дағдыларын тәрбиелеу.

Инновациялық қызметті жүзеге асыру үшін балабақша базасында робототехника бойынша үйірме құрылды.

Балабақшадағы робототехника. Конструктордың көмегімен келесі бағыттар бойынша мектеп жасына дейінгі балалармен оқу іс-әрекетінің мәселелерін шешуге жағдай жасалады:

- Қолдың ұсақ моторикасын дамыту, жалпы сөйлеуді және ақыл-ой қабілеттерін ынталандыру;

- Зейінін жинақтау, есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту;

- Затты оның құрамдас бөліктеріне ойша бөлу және бөліктерден бүтін құрастыру дағдысын меңгеру.

Робототехника сабақтарында балаларға конструкторлар жинағы мен белгілі бір фигураны (машина, шаян, бақа) құрастыру туралы нұсқаулар беріледі. Конструкторлар қолданылады: 1) My Robot Time (MRT-Brain B), 2) Jumbo Starter, 3) Fischertechnik Universal 3, 4) FischerTechnik Profi - Pneumatic Power, 5) Fischertechnik ROBOTICS - Smart Beginner Set.

Балаларды конструктордың бөлшектерімен таныстыру My Robot Time (MRT-Brain B)

«Мальвина» даярлық тобында робототехника сабағы
Тақырыбы: «Квадрацикл»

Робототехника сабағы, тақырыбы: «Ұшақ»

«Зайчата» даярлық тобының сабағы
Тақырыбы: «Джип машинасы»

Рахимжанова Ольга Геннадьевна
Менгеруші
Абай облысы білім басқармасының
Курчатов қаласы білім бөлімінің
«Журавушка» балабақшасы» МКҚК
Абай облысы, Курчатов қаласы, Олимпийская көшесі, 30
Дс-жм с 08:00 до 18:30
8 (72251) 2 17 33, 8 (72251) 2 14 44
Сайтты әзірлеу
SemStar